«Қостанай жастары» бағдарламасы туралы

«Қостанай жастары» бағдарламасы туралы

Қостанай облысы әкімінің жастардың қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділігін түсіндіруге және кеңейтуге бағытталған тапсырмалары шеңберінде «Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы, «Жітіқара ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ басшысымен бірлесіп аудандағы мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне түсіндіру жиналысы өткізді.

Кездесу барысында «Қостанай жастары» тұрғын-үй бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын жастардың мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылды. Қатысушыларға бағдарламаға қатысу шарттары, кандидаттарға қойылатын негізгі талаптары және құжаттарды тапсыру тәртібі түсіндірілді, сондай-ақ барлық келіп түскен сұрақтарға жауап берілді.

Өзекті әлеуметтік тақырыптардың талқылауын жалғастыра отырып,   ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі М.А.Джетенов этностар мен діни конфессиялар арасындағы бейбітшілік пен өзара құрметті нығайтудың маңыздылығына назар аударды. Бұл – қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен құндылықтарының негізі болып табылады.   

Жиналыс шеңберінде діни сауаттылық мәселелері қозғалды. Қатысушыларға  мемлекеттің дүнияуи қағидаттары, деструктивті діни ағымдардың белгілері мен қатерлері түсіндірілді. Әлеуметтік желілердегі экстремистік идеялардың ықпалына ұшырамау үшін дін туралы шынайы ақпаратты тек ресми әрі сенімді дереккөздерден алу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.