Қытайдың SINOMACH ұлттық машина жасау корпорациясын ұсынылатын шетелдік делегация Жітіқараға жұмыс сапарымен келді

Қытайдың SINOMACH ұлттық машина жасау корпорациясын ұсынылатын шетелдік делегация Жітіқараға жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында кездесуде аграрлық сектордың өнімділігі мен тиімділігін арттыруға, процестерді оңтайландыруға және ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізуге бағытталған компанияның заманауи цифрлық шешімдері ұсынылды.

SINOMACH-машина жасау, инженерлік технологиялар және кешенді өнеркәсіптік шешімдер саласында жұмыс істейтін Қытай Халық Республикасының ірі мемлекеттік корпорацияларының бірі. Компания инновациялар мен цифрландыруға баса назар аудара отырып, бүкіл әлем бойынша жобаларды жүзеге асыруда.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазіргі заманғы агротехнологияларды енгізуді, тәжірибе алмасуды және ауданның агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына ықпал ететін бірлескен жобаларды іске асыруды қоса алғанда, одан әрі өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттарын талқылады.