ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 КҮРЕСУ ҮШІН 752,4 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ТИЕЛДІ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 КҮРЕСУ ҮШІН 752,4 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ТИЕЛДІ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 КҮРЕСУ ҮШІН 752,4 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ТИЕЛДІ
Қостанай облысында бірыңғай дистрибьютор арқылы 57 медициналық ұйым қамтамасыз етіледі. Дәрілік құралдар облыстың операциялық қоймасына Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бірыңғай дистрибьютордың хабынан келіп түседі.
2020 жылға Қостанай облысының 57 тапсырыс берушісімен қосымша өтінімдерді есепке ала отырып, жалпы 5,4 млрд.теңгеге ДҚ мен МБ жеткізуге 805 шарттар жасалды.
Қазіргі сәтте Бірыңғай дистрибьютормен жоспар 4,7 млрд.теңге кезінде 4,6 млрд.теңге сомасына көлем тиелді (ағымдағы жоспардан 97,8%).
Коронавирус инфекциясы бар пациенттерді емдеу шеңберінде Қостанай облысында 752,4 млн.теңге сомасына ДҚ мен МБ тиелді (пандемия басталғаннан бері кезең бойынша).
Амбулаториялық деңгейде – Қостанай облысының 32 медициналық ұйымы 2020 жылға 5,8 млрд.теңге сомасына ДҚ мен МБ сатып алуға өтінім ұсынды.
Ағымдағы сәтте, берілген қосымша көлемді есепке ала отырып:
- тиелгені – 6,3 млрд.теңге (ағымдағы жоспардан 100%);
- тіркелген халықты қамтамасыз ету фактісі – 5,0 млрд.теңге сомасына (тиелген тауардан 79,4 %)
- медициналық ұйымдардағы дәрі-дәрмектің қалдығы 1,6 млрд.теңге сомасына.
Күзгі-қысқы кезеңде КВИ ауруының көтерілуіне дайындалу мақсатында Бірыңғай дистрибьютормен COVID-19 бойынша ДҚ екі айлық қоры қалыптасты (азаймайтын қор).
Азаймайтын қордың көлемі Бірыңғай дистрибьютормен медициналық ұйымның өтінімдерінен тыс сатып алынады.
Қалыптасқан көлем («қауіпсіздік көпшігі») елдің өңірлеріндегі ДҚ тапшылығы туындаған жағдайда қолданылатын болады. Бұл ретте, ауру күрт өскен және COVID-19 емдеу үшін ДҚ тапшылығы туындаған жағдайда, бірінші кезекте өңірлердің жергілікті атқарушы органдарымен қалыптасқан өңірлік тұрақтандыру қоры «броннан ажыратылатын» болады. Одан әрі қажет болған жағдайда, Бірыңғай дистрибьютормен COVID-19 бойынша ДҚ екі айлық қорынан тиеу жүргізілетін болады.
Бұл шара КВИ емдеу үшін ДҚ бойынша елдегі резервті ұстауға және ауру жайылған жағдайға уақтылы әсер етуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, Бірыңғай дистрибьютормен 2021 жылға ДҚ сатып алу жүргізілуде. Қоймаларға бірінші жетізу кестесі 2020 жылғы 1 желтоқсаннан жоспарланған.
Осылайша, өңірлерің тұрақтандыру қорларындағы, сондай-ақ, Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларындағы ДҚ болуы препараттардың тапшылығын алдын алады және оларды елдің медициналық ұйымдарына уақтылы жеткізуді қамтамасыз етеді.