ҚОСТАНАЙ ЖАСТАРЫ - жастарға арналған өңірлік несиелеу бағдарламасы

ҚОСТАНАЙ ЖАСТАРЫ - жастарға арналған өңірлік несиелеу бағдарламасы

👥Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:  

  • ҚР азаматтығы
    • Қостанай облысының барлық салаларында жұмыс істейтін 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жас мамандар (ерлі-зайыптылар болған жағдайда тек біреуі ғана қатыса алады)
  • Тұрғын үй жұмыс орны бойынша сатып алынады
  • Қостанай облысында жұмыс өтілі (кемінде 6 ай; жеке кәсіпкерлер үшін - 1 жылдан кем емес)
    • Соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйдің жеке меншікке тіркелмеуі және иеліктен шығарылмауы (кәмелетке толмағанға дейін жекешелендіру немесе мұрагерлік арқылы алынған үлесті қоспағанда)
  • Мемлекеттік бағдарламалар аясында берілген жалдамалы тұрғын үйдің болмауы
  • Соңғы 6 айдағы отбасының орташа айлық табысы 150 АЕК-тен аспауы тиіс
    • Бағдарламаға отбасының бір ғана мүшесі қатыса алады
  • Баллдар тең болған жағдайда жасы үлкен үміткерге басымдық беріледі
  • «Отбасы банк» АҚ-да бастапқы жарнасы бар жинақ шотының болуы

    🏠 Несиелеу шарттары:
  • Қарыздың ең жоғары сомасы:

Қостанай қаласы — 18 млн теңгеге дейін

Қостанай облысының аудандары — 15 млн теңгеге дейін

  • Бастапқы жарна: 10%
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 5%
  • Қарыз мерзімі: 19 жылға дейін
  • Тұрғын үй сатып алу (бастапқы/қайталама нарықтан)

    ⭐ Балдар бойынша іріктеу: неке, балалар, еңбек өтілі, әлеуметтік сала, мүгедектігі бар отбасы мүшелері. Балл тең болса — жасы үлкен қатысушы өтеді.

📌 Қажетті құжаттар тізімі:

  • Жеке куәлік (кәмелетке толған барлық отбасы мүшелеріне)
  • Неке туралы куәлік (бар болған жағдайда)
  • Балалардың туу туралы куәліктері, оның ішінде асырап алынған балалар
  • Қабылданған күні мен еңбек өтілі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама (фирмалық бланкісінде)
  • Соңғы 6 айға арналған БЖЗҚ-нан зейнетақы жарналары туралы анықтама
  • ҚР аумағында жылжымайтын мүліктің бар (жоқтығы) туралы анықтама - өтініш берушіге және бірге тұратын отбасы мүшелеріне
  • Тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәлімет (мекенжай анықтамасы)
  • I–II топтағы мүгедектігін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда)
  • Жедел қызмет атқаруының әскери билеті (бар болған жағдайда)
  • Балалары бар жесірлер/тұл ер адамдар үшін — жұбайының қайтыс болғаны туралы куәлік
  • Еңбек өтілін растайтын құжаттар (ҚР ЕК 35-бабына сәйкес)  

    📌 Ескерту: Комиссия балдарды тексеру және есептеу үшін қосымша құжаттар сұратуға құқылы.

📍 Құжаттарды қабылдау орны: Жітіқара қаласы, Е.Есжанов көшесі, 13, 21-кабинет, «Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

📞 Тел.: 8 (71435) 2-09-10