Таза қала" ЕСО-акциясы

Таза қала" ЕСО-акциясы

   21 қазан күні Жітіқара ауданы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Зульфия Сапарғалиқызы Урманованың бастамасымен Жастар ресурстық орталығы, жас мемлекеттік қызметшілер және волонтерлермен бірлесіп "Таза қала" ЕСО-акциясын өткізді. Акция барысында қатысушылар Шортанды өзенінің жағасын, сондай-ақ, Жеңіс саябағының аумағын қоқыстардан тазартты.

Өңірімізде мұндай экологиялық акция дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді.

Акция нәтижесінде 35-тен астап қап қоқыс жиналды. Қымбатты жітіқаралықтар жағалаулар мен айналаның ластану проблемасына байланысты, біз сіздерден қоқысты арнайы бөлінген орындарға тастауға, табиғатты ластамауға шақырамыз.

Қоршаған орта - бұл Біз және Сіз. Табиғаттың тазалығын бірге сақтайық