Құрметті жітіқаралықтар!

Құрметті жітіқаралықтар!

Құрметті жітіқаралықтар!

 

16 желтоқсан күні тарихи маңызы бар атаулы дата -  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні атап өтіледі.

Біздің тәуелсіздігіміз – егемен ел болуды аңсаған ата-бабалар мұрасы. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге.  

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы - кез келген табысты ұлтының лайықты шежіресі. Бүгінде еліміз – бейбіт пен келісім сақталған, экономика, шағын және орта бизнес, әлеуметтік сала дамып келе жатқан, қолайлы инвестициялық ахуал сақталатын тұрақты мемлекет.          

Қазақстанның егемендігін нығайту, жетістіктерімізді бағалай білу, елімізді мәңгілік ету және оның өркендеу үрдісіне елеулі үлес қосу   -   біздің ортақ мұрат-мақсатымыз.  

Құрметті жітіқаралықтар!

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында сіздердің жанкешті еңбектеріңіз, аудан мен ел дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін! Туған жеріміз, ортақ үйіміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін! Әр отбасында құт-береке, бейбіт орнасын! 

 

 

                  Жітіқара

 ауданының әкімі                                                    А. Жаныспаев