
Менің кәсібім - мемлекеттік қызметші
2025 жылғы 12 желтоқсанда «Менің кәсібім - мемлекеттік қызметші» жобасы аясында «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы В.Р. Муллабаеваның ауданның Жітіқара политехникалық колледжінің оқушыларымен кездесуі өтті.
Бұл кездесудің мақсаттарының бірі мемлекеттік қызмет институтын дәріптеу, жастар арасында мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру, мемлекеттік органдардың миссиясы мен патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді, қоғамдағы азаматтық жауапкершілікті дамыту туралы нақты түсінік қалыптастыру болды.