Туған өлкемізде «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының өңірлік және республикалық кезеңдерінің жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өтті

Туған өлкемізде «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының өңірлік және республикалық кезеңдерінің жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өтті

Туған өлкемізде «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының өңірлік және республикалық кезеңдерінің жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өтті. «Еңбек жолы» – сабақтастық, еңбекке құрмет және мамандыққа деген мақтаныш туралы байқау. «Парыз» – әлеуметтік бизнес пен адамдарға қамқорлықты дәріптейтін байқау.

«Еңбекқорлық, кәсібилік және адал еңбек – кез келген қоғамдағы прогресс пен құрметтің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамының ел дамуына қосқан үлесін мойындаудың маңыздылығын үнемі атап өтеді. Соның дәлелі – биылғы жылдың Жұмысшы кәсіптерінің жылы деп жариялануы. Бұл – күн сайынғы еңбегімен, жауапкершілігімен және ісіне деген сүйіспеншілігімен біздің өмірімізді жақсартатын, елімізді нығайтатын адамдарға деген құрмет» – деді марапаттау рәсімінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мусагазина.

«Еңбек жолы» байқауы еңбек әулеттерінің, тәлімгерлер мен жас мамандардың еңбек жолын баяндайды. Биыл бұл байқауға ауданның әлеуметтік маңызы бар ірі кәсіпорындарының 3 қызметкері қатысты. Екі номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» — 2-орынды «МехЛитКом» ЖШС-нің токарі Владимир Владимирович Мальцев иеленді. Ол өз міндеттерін мінсіз атқарып қана қоймай, ЖШС-дағы жас әріптестерінің өсуіне және дамуына қолдау көрсетеді.

«Үздік жас өндіріс қызметкері» — жеңімпаз «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС-нің электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері Арстамбаев Асылбек Ербулатович болды. Оның табысқа деген ұмтылысы, еңбекқорлығы мен кәсібилігі қатарластарына үлгі болды.

Жеңімпаздарға естелік мүсіншелер мен ақшалай сыйлықтар табысталды, ал барлық қатысушылар өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін дипломдар мен шынайы алғыс сөздерін алды. Алда, жыл соңына дейін, бұл байқау бойынша Республикалық деңгейде қорытындылар шығарылады.

«Парыз» конкурсы — тек пайда туралы емес, маңызды әлеуметтік миссияны да өз мойнына алатын, қоғамға бейжай қарамайтын кәсіпкерлерді атап өтетін байқау.

Биыл байқауға ауданның 3 жұмыс берушісі қатысты, олардың әрқайсысы құрметке лайық.

Өңірлік деңгейдегі жеңімпаздар төмендегідей:

«Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша           1 орын – «Қостанай минералдары» АҚ;

«Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша          2 орын – «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС, мұнда қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі әрдайым басты назарда.

«Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша 1 орын – «МехЛитКом» ЖШС;

«Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша 2 орын – «Қостанай минералдары» АҚ.

Бұл номинациялардағы жеңістер аталған кәсіпорындарда еңбек ұжымы басшылық тарапынан тұрақтылықты, қолдауды және құрметті сезінетінін, сондай-ақ қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі әрдайым басты орында екенін дәлелдейді.

Республикалық деңгейде «Үздік ұжымдық шарт» санатындағы беделді «Парыз» сыйлығының иегері – «МехЛитКом» ЖШС, ол 2025 жылы Қазақстан Республикасының үздік кәсіпорны деп танылды.

Бұл байқаулар – өңірдің әрбір жетістігінің артында еңбек ететін, шабыт беретін, тәлімгер болатын және қамқорлық жасайтын адамдар тұрғанын еске салатын маңызды шара.