Анықтама
KAZ10-01 «Денисовка–Жітіқара–Мүктікол–РФ шекарасы (Қондыбай бекеті)» республикалық маңызы бар автожолының 51–98 шм учаскесіне орташа жөндеу жүргізу туралы
Қостанай облысында республикалық маңызы бар KAZ10-01 «Денисовка–Жітіқара–Мүктікол–РФ шекарасы (Қондыбай бекеті)» автожолының Жітіқара қаласынан Мүктікол ауылына дейінгі 51–98 шм (ұзындығы 44 шм) учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Жөндеу жұмыстарын «АБЗ плюс» ЖШС мердігерлік ұйымы орындады.
2025 жылғы 20 қарашада Қостанай облыстық филиалы «НК ҚазАвтоЖол» АҚ, Қостанай облыстық филиалы «КАЖсервис» ЖШС, техникалық қадағалау қызметі «NOVAT STROY» ЖШС және мердігер ұйым «АБЗ плюс» ЖШС өкілдерінен құрылған комиссия аталған учаскені пайдалануға қабылдауды жүргізді.
KAZ10-01 «Денисовка–Жітіқара–Мүктікол–РФ шекарасы (Қондыбай бекеті)» автожолы жүк және жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуде стратегиялық маңызы бар жол болып табылады. Аталған учаскенің жөнделуі халықтың медициналық, білім беру және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға, жол қозғалысы қауіпсіздігін жоғарылатуға, жол апаттарын азайтуға және өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл учаскеге соңғы рет жөндеу жұмыстары 1980 жылдары жүргізілген. Сол уақыттан бері жергілікті шұңқырларды жамаудан басқа жұмыстар жасалмағандықтан, жол жамылғысы айтарлықтай тозып, қанағаттанарлықсыз күйде болған: көптеген бөліктерде шұңқырлар, ойықтар, жырықтар және басқа да ақаулар пайда болған.
Орташа жөндеу аясында келесі жұмыстар орындалды:
-асфальтбетон жамылғысын ресайклинг;
-ыстық тығыз ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасынан 6 см қалыңдықтағы жабын салу;
-ыстық тығыз майда түйіршікті асфальтбетон қоспасынан 5 см қалыңдықтағы жабын салу;
-жол жиегін бекіту;
-жол белгілеулерін жүргізу;
-жол белгілерін орнату.
Жұмыстарды орындау үшін нысанға 22 бірлік жол-құрылыс техникасы және 36 адам персонал жұмылдырылды.
Жүргізілген жөндеу жұмыстары автожолдың пайдалану сипаттамаларын қалпына келтіруге, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және елді мекендер арасындағы үздіксіз көлік қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Барлық жұмыстар бекітілген өндірістік кестеге сәйкес белгіленген мерзімде орындалды.