Құрметті сайлаушылар!

Құрметті сайлаушылар!

Құрметті сайлаушылар!

         Сайлауға қатысуға конституциялық құқықты жүзеге асырудың кепілі сіздің сайлаушылар тізімінде болуыңыз болып табылады.

         Сайлаушылардың тізімі Президенттің, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде жергілікті атқарушы органдармен жасалады.

         Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз сізді сайлаушылар тізіміне қосу үшін негіз болып табылады.

         Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған және тағайындалған сәттен бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге, сондай-ақ өзінің қай сайлау учаскесінің тізіміне қосылғандығын нақтылауға құқылы.

         Егер сізге өзіңіздің тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болу қажет болған жағдайда сіз сайлау күні дауыс беретін сайлау учаскесі сайлаушыларының тізіміне сізді қосу туралы өтінішпен өзіңіздің уақытша тұратын жеріңіздегі әкімдікке (сайлауға дейін 30 күн бұрын 2020 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей) жүгінуге құқылысыз.

         Сайлаушылар тізіміне қосу немесе одан алумен байланысты барлық сұрақтар, сондай-ақ өз деректеріңізді нақтылау бойынша ақпаратты сіз Call орталықтың телефоны бойынша ала аласыз: 2-55-21, 2-00-06.

 

                                                                                     Жітіқара ауданы

                                                                               әкімінің аппараты