Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласында халықты ақпараттандыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру қорытындылары бойынша қоғамдық тыңдау өтті

2025 жылғы 11 қарашада «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласында халықты ақпараттандыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру қорытындылары бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар «Sanaly urpaq-2050» қоғамдық қорымен іске асырылды.

Іс-шараға жұртшылықтың, мемлекеттік мекемелердің,
бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әртүрлі нысаналы топтар арасында қоғамдық бақылау мәселелері бойынша үш оқыту семинары өткізілді, үгіт-насихат және ақпараттық материалдар (буклеттер, жадынамалар, плакаттар, баннерлер) әзірленді, жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттаумен бейнероликтер конкурсы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы Quiz зияткерлік ойыны өткізілді.

Алаяқтықтың алдын алу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде алаяқтықтың алдын алу тақырыбы бойынша әртүрлі нысаналы топтармен үш кездесу өткізілді, алаяқтардың құрбаны болмау туралы 5 бейне-рилс әзірленді, алаяқтардың құрбаны болмау туралы азаматтарды хабардар етуге бағытталған үгіт-насихат және ақпараттық материалдар, хардпостерлер әзірленді және таратылды.

Іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмысты жалғастыру, іс-шараларды өткізудің жаңа тәсілдерін енгізу қажеттігін атап өтті.