Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Жітіқара қаласында қалалық инфрақұрылымды жаңарту және әлеуметтік саланы дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда

Биыл білім беру нысандарын жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Аудандық әкімдіктің мәліметінше, 2025 жылы қала мектептерінде бірқатар маңызды жобалар іске асырылды.

🏫 Гимназия және №10 мектеп жаңғырту бағдарламасына енгізілді: облыстық бюджеттен күрделі және ағымдағы жөндеуге 399,2 млн теңге бөлінді. Жобалар екі жылға есептелген — 2025 жылға жоспарланған кезеңі ойдағыдай аяқталды, ал қалған жұмысы келесі жылы жалғасын табады.

🔬 Естай Есжанов атындағы №9 мектебінде материалдық-техникалық база жаңартылды: заманауи биология кабинеті сатып алынып, 73 терезе блогы ауыстырылды. 35,1 млн теңге көлеміндегі қаржыландыру да облыстық бюджеттен бөлінді.

Бұған дейін мұнда ауданның қала құраушы кәсіпорындарының қолдауымен жаңа мини-футбол алаңы мен тартан жабыны бар жүгіру жолы салынған болатын.