Астанада әлеуметтік сала ардагерлері мен үздік әлеуметтік қызметкерлері марапатталды

Астанада әлеуметтік сала ардагерлері мен  үздік әлеуметтік қызметкерлері марапатталды

Астанада әлеуметтік сала ардагерлері мен

үздік әлеуметтік қызметкерлері марапатталды

2025 жылғы 24 қазанда «Әлеуметтік вектор: кәсібилік, мойындау, цифрлық болашақ» халықаралық форумы аясында әлеуметтік сала ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті.

Форум барысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов әлеуметтік саланың дамуына елеулі үлес қосқан еңбек ардагерлері мен қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады. Барлығы 15 адам марапатталды. Олардың арасында «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ әлеуметтік қызметкері – Ризванова Рафиса Ильгизовна «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай өткізілген марапаттау рәсімі әлеуметтік қызметтерге мұқтаж азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға қосқан баға жетпес үлесті мойындаудың жарқын дәлелі болды.