
2025 жылғы 25–26 қазан аралығында «Jitiqara arena» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде және Жітіқара политехникалық колледжінің спорт залында волейболдан ерлер командалары арасында волейбол қозғалысының негізін қалаушы, Жітіқара ауданының құрметті азаматы Донец Иван Даниловичтің құрметіне арналған IX ашық аудандық турнир өтті.
Жарысқа 9 команда қатысты: Жітіқара ауданының мектеп оқушылары, Жітіқара политехникалық колледжі, «Әуесқойлар» командасы, Комаров тау-кен кәсіпорны, Денисов ауданының командасы, Денисов ауданының БЖСМ командасы, Рудный қ, Қамысты ауданы және Лисаков қ.
Жарыс қорытындылары:
🥇 1 орын — Рудный қ.
🥈 2 орын — Лисаков қ.
🥉 3 орын — Денисов ауданы
4 орын — Комаров тау-кен кәсіпорны
Сондай-ақ, келесі номинациялар бойынша үздіктер анықталды:
• 🏐 Ең үздік ойыншы — Панфилов Иван (Лисаков қ.)
• 🎯 Ең үздік байланыстырушы — Сламов Саят (Рудный қ.)
• 🛡️Ең үздік қорғаушы — Бегалыев Жанболат (Рудный қ.)
• 💥 Ең үздік шабуылшы — Ложкин Илья (Денисовка а.)
Жеңімпаздар грамоталармен, медальдармен, бірінші орын үшін кубокпен, сондай-ақ ақшалай сыйлықтармен марапатталды
— 1 орын — 100 000 теңге
— 2 орын — 70 000 теңге
— 3 орын — 50 000 теңге
Марапаттау мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өткізілді.