Қазақстан Республикасы күні!

Қазақстан Республикасы күні!

Жітіқарада Қазақстан Республикасы күніне орай салтанатты іс-шара болып өтті.

23 қазанда аудандық Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара болып өтті. Бұл маңызды күн мақтаныш, бірлік пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімдеріне бөленіп, Жітіқара ауданы тұрғындарын біріктіре түсті.   

Мәдениет сарайының фойесінде «Жұмысшы мамандықтар жылының» аясында «Тарих – Үміт – Болашақ» атты бейнекөрмесі ұйымдастырылды. Онда туған өлке дамуының және Қазақстан өркендеуінің тірегі болып табылатын жұмысшы мамандықтар өкілдерінің суреттері көрсетілген. Сондай-ақ қонақтарда «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!» кітап көрмесін көріп тамашалауға және балалар өнер мектебінің жас суретшілерінің тақырыптық жұмыстармен таныстыруға мүмкіндік болды.

«Республика күні – бұл басты мемлекеттік мерекесі, тәуелсіздік, бірлік пен болашаққа деген сенімінің символы» - деп белгіледі қонақтарға және іс-шараның қатысушыларына құттықтау сөздерін жолдаған Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Ф. Г. Балашов.

Мерекеге орай аудан мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан тұрғындардың марапаттау рәсімі болып өтті.

«Жітіқара ауданының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Ж. Альмухамедова, К. Андрианова және Н. Джафаров,  ал ҚР Қорғаныс министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Г. Изикеева марапатталды. 

Патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікке толы концерттік бағдарламасын даярлаған өнер майталмандары мен шығармашылық ұжымдары мерекелік көңіл-күйге бөленді.

Жітіқара ауданында Республика күнін атап өту  - бұл әр азаматтың ел болашағы мен тәуелсіздік құндылығына жауапкершілік білдіруінің, бірлік пен ұрпақтар сабақтастығының символы.

Жітіқара ауданы туған өлкенің мәртебесін асқақтатып жүрген жітіқаралықтарды мақтан тұтады. Олардың ерен еңбектерінің, түрлі салалардағы жетістіктерінің арқасында экономика, мәдениет салалары дами отырып, тәуелсіз Қазақстанның рухани құндылықтар сақтап келеді.

Қазақстан Республикасы күні – мақтаныш, бірлік пен еліміздің жарқын болашаққа деген сенімінің мерекесі!