
Құрметті Жітіқара ауданының тұрғындары!
Сіздерді Республика күні – ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
25 қазан халқымыз үшін тарихи маңызы бар ерекше күн. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның тарихында жаңа кезеңі ашылды - мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы қабылданды. Бұл сәттен бастап қазақ елі жекеменді егемен мемлекет болып жарияланды.
Республика күні - ұрпақтар сабақтастығының, өз қайнар көзі мен тарихи еңбегіне сый көрсетуінің символы. Ол ертеңгі күнге деген сенімін нығайтып, бізді бостандыққа, бірлікке және келісімге ұмтылуда біріктіреді.
Бүгінде азаттыққа қол жеткізген еліміз әлемдік қауымдастығында жоғары мәртебеге ие. Мемлекеттің қарышты дамуына серпін беретін экономика, ғылым, мәдениет, спорт және әлеуметтік саладағы жетістіктер ынталы азаматтар үшін айтарлықтай мүмкіндіктер ашады.
Жітіқара ауданының да ортақ ілгерілеу үдеріске қосқан үлесі мол. Мұнда маңызды әлеуметтік-экономикалық жобалар жүзеге асырылуда, ауыл шаруашылығы мен шағын бизнес дамып келеді, азаматтарға жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасалуда.
Бұл нәтижелерді біріктіретін тірегі - халықтың бірлігі, өзара сенім және қоғамдағы бейбітшілік. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тұрақты дамуы мен өркендеуіне бағытталған бағытын басшылыққа ала отырып, Қазақстан халықаралық аренада өз ұстанымын нығайтып келеді.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, игілік пен бақыт, ашық аспан тілеймін! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын! Еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін!
Жітіқара
ауданының әкімі А. Жаныспаев