Құрметті «Костанайские минералы» АҚ ардагерлері мен қызметкерлері!
Кәсіпорынның 60-жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Алты онжылдық бұрын Жітіқара ауданы комбинатының шежіресі бастау алды. Бүгінде қала мен комбинатты біртұтас құбылыс деп қабылдау - тарихи қалыптасқан ақиқат. Осы жылдар ішінде «Костанайские минералы» АҚ еңбектің, тұрақтылық пен дамудың символына айналды. Еліміздің түкпір - түкпірінен келген жүздеген жұмысшылардың тағдыры құрылып, олардың қажырлы еңбегінің арқасында қуатты алып зауыт бой көтерді.
Кеннің алғашқы тоннасын өндірген, алғашқы өнімін шығарған адамдардың есімдері Жітіқара ауданы мен "Костанайские минералы" акционерлік қоғамының даңқты еңбек өмірбаянына жазылған.
Бүгінгі таңда кәсіпорын алға жылжуда, жинаған тәжірибе мен инновацияларды белсенді қолданып, мемлекет пен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда. Комбинат бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің лайықты үлгісі ретінде Қазақстанда ғана емес, мемлекеттен тыс жерлерге де танымал.
Ұжымның тамаша еңбек дәстүрлері, жоғары кәсібилігі мен құзыреттілігі алдағы уақытта отандық және халықаралық нарықта өздерінің көшбасшылық позицияларын нығайта түсетініне сенімдімін.
«Костанайские минералы» АҚ ұжымына денсаулық, бақыт, жаңа жетістіктер, сіздерге және отбасыларыңызға амандық пен құт-береке тілеймін!
Қала құраушы кәсіпорынның мерейтойы үстем болсын!
Жітіқара
ауданының әкімі А. Жаныспаев