Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер конкурсына қатысушыларды марапаттау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер конкурсына қатысушыларды марапаттау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер конкурсына қатысушыларды марапаттау

 

            2025 жылғы 6 қазанда Жітіқара политехникалық колледжінің оқу залында «Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Sanaly urpaq-2050» қоғамдық қоры ұйымдастырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтер конкурсына қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.

            Іс-шараға жұртшылық өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

            Конкурсқа 5 жұмыс ұсынылды, тәуелсіз конкурстық комиссия 1, 2 және 3 орынға ие болған жеңімпаздарды анықтады, олар грамоталармен және естелік жүлделермен марапатталды.

            Қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

            Конкурстың барлық қатысушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің логотипі бар күрішкелер сыйға тартылды.

            Конкурсқа қатысушылар өздерінің шығармашылығы арқылы сыбайлас жемқорлықтың қандай қауіп төндіретінін көрсетті, сыбайлас жемқорлықты толық қабылдамайтындықтарын білдірді.