Жітіқарада Қарттар күні атап өтілді

Жітіқарада Қарттар күні атап өтілді

Жітіқарада Қарттар күні атап өтілді


2025 жылдың 1 қазанында Аудандық мәдениет сарайының үлкен залында қарттар күніне арналған "Өмірдің алтын жолдары" атты мерекелік іс-шара өтті.
Жітіқара ауданының әкімі А. А. Жаныспаев құттықтау сөз сөйлеп, аға буынның ауданның дамуына және жастарды тәрбиелеуге қосқан үлесін атап өтті.
Мереке аясында аудан әкімі ардагерлер Кеңесінің бес белсенді мүшесіне және аудан кәсіпорындарының екі ардагеріне көп жылғы еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін алғыс хаттар табыс етті.
Салтанатты іс-шара барысында жергілікті өнерпаздарымыз бен мәдени саласының майталмандары әннен-күйден,биден шашу шашты. Мереке аға буын өкілдеріне тамаша көңіл-күйін сыйлап, жылы ниетті қалыпта өтті.