2025 жылғы 10 қыркүйекте Жітіқара ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкерлері мемлекеттік қызметке кіру шарттарын түсіндіру мақсатында Жітіқара политехникалық колледжінде өткен ауданның Мансап орталығы ұйымдастырған бос орындар жәрмеңкесіне қатысты.
Бос орындар жәрмеңкесі барысында барлық өтініш білдірген азаматтарға мемлекеттік қызмет туралы заңнамада бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін қойылатын талаптар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуді тапсыру тәртібі мен шарттары, жеке қасиеттерін бағалау түсіндірілді, Жітіқара ауданының жергілікті атқарушы органдарында бар бос жұмыс орындарының тізбесі ұсынылды.
Ізденушілерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауаптар берілді.