Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Жұмыс сапары аясында өңір басшысы Жітіқара қаласында 3,2 МВт қуаттылықтағы күн электр станциясының құрылысы барысымен танысты. Жобаны іске асыру 12 жаңа жұмыс орындар құруға және ауданның энергия теңгерімдегі «жасыл» энергияның үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Нысанды пайдалануға беру биылғы қазан айына жоспарланған.