Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара

Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара

Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара

28 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Аудан әкімі А.А.Жаныспаев құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің Ата заңы – Тәуелсіздіктің берік тұғыры, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, бірлік пен келісімнің символы екенін атап өтті.

Мереке аясында марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Облыс әкімінің грамоталары заң саласы мен полиция қызметкерлеріне құқықтық мемлекетті нығайтуға қосқан елеулі үлесі және азаматтық борышына адалдығы үшін табыс етілді.

Аудан әкімінің грамоталарымен төтенше жағдайлар саласы, көгалдандыру, денсаулық сақтау, полиция және мемлекеттік басқару өкілдері ауданның дамуына қосқан зор үлестері мен еңбектеріне адалдығы үшін марапатталды.

Сондай-ақ ауылдық округтер арасында өткен «Үздік аула» байқауының жеңімпаздары аталып өтті.

Аудандық кітапхана жүйесінің басшысына еңбек демалысына шығуына байланысты алғыс сөздер мен естелік сыйлық табысталды. Ал аудандық аурухананың жас дәрігерлеріне кәсіби қызметін қолдау мақсатында сертификаттар берілді.

Көрермендерге мерекелік көңіл-күйді ауданның өнерпаздары сыйлады. Концерттік бағдарламада «Балдәурен» домбырашылар ансамблі, «Графика» би студиясы, «Тұмар» ансамблі, «Jas qanat» ұрмалы аспаптар ансамблі, сондай-ақ әншілер мен шығармашылық топтар өнер көрсетті.

Іс-шара бірлік, бейбітшілік пен келісімнің нышанына айналған ортақ әнмен аяқталды.