Жітіқара қаласы туған күнін атап өтті!
23 тамыз күні Тәуелсіздік алаңында қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары фестивальдерге, байқауларға, концерттік бағдарламаларға қатысты.
Сағат 19:00-де үлкен мерекелік концерт басталды. Қала тұрғындары мен қонақтарына құттықтау сөзін Жітіқара ауданының әкімі
А.А. Жаныспаев арнады.
Салтанатты бөлім аясында марапаттау рәсімі өтті:
ауданның 2 тұрғыны «Күміс алқа» иегері атанды;
5 адам Қостанай облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды;
2 адам "Ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін" медаль алды;
9 адам Жітіқара ауданы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды;
сондай-ақ «Әнші балапан» байқауының жеңімпазы марапатталды.
Сонымен қатар, «Үздік аула» байқауының қорытындысы шығарылды.
Мереке шығармашылық ұжымдардың, республика әртістерінің концерттік бағдарламасымен жалғасып, әдемі мерекелік отшашумен аяқталды.