Қақпада кездесуі

Қақпада кездесуі

Қостанай облысы бойынша ҚАЖД «УК-161/3 мекемесі» РММ-ден 2020 жылдың 12 қазанда ҚР ҚК 72 бабы бойынша сотталған Роман Юрьевич Олейников 1986 жылы туылған босатылады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасында Бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылған және пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтардың Әлеуметтік оңалтуының кешенді стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындауына санитарлық–гигиеналық және әлеуметтік-қашықтықты сақтау мақсатында 29.09.2020 жылы сағат 15:30-де бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылған азаматтардың еңбектік және тұрмыстық орналасуы бойынша «Қақпада кездесуі» ұйымдастырылып өткізілді.     

Бұл шараның мақсаты - бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылған сотталғандардың қоғамда алғашқы күндері әлеуметтік бейімделуі үшін жағдайлар жасау.

        «Қақпада кездесу» шарасына қатысқандар:

        Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Жітіқара ауданының пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі М. Сагандыков.

Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Жітіқара ауданының пробация қызметінің бастығы әділет капитаны Е. Изикеев.

        «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ еңбек нарығында талдау сектороның меңгерушісі А.И. Шиныбекова.

        Еңбектік және тұрмыстық орналасуы бойынша, әлеуметтік құқықтық көмек сұрақтары бойынша кеңестер мен сұхбаттар жүргізілді.

        Бұл шараның өткізуі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.