Ең үздік визуалды ақпарат-2020

Ең үздік визуалды ақпарат-2020

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, ағымдағы жылдың  мамыр- тамыз айлары  аралығында ауданымызда мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлер арасында мемлекеттік тілді насихаттау бойынша  «Ең үздік визуалды ақпарат-2020» байқауы өткізілді.

Байқауға 15 мемлекеттік мекеме, 20 кәсіпорын, 60-тан аса жеке кәсіпкер қатысты.

Байқау нәтижесі бойынша ауданымыздың жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздарға әкім атынан алғыс хаттар мен ақшалай сыйақылар берілді: жеке кәсіпкерлер Шегай Александр Петровичке, Сұлтанбаева Аманкүл Сеилханқызына, «Торгсервис КЗ-2» ЖШС бас директоры Ращупкин Олег Юрьевич, марапатты Жітіқара қаласындағы «Светофор» сауда нүктесінің атқарушы директоры Буранова Әлия Сәбіржанқызы алды.