
Кәсіби мереке – Металлург күні қарсаңында Қостанай облысы әкімдігінде саланың үздік өкілдеріне Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталған салтанатты рәсім өтті.
🏅 Мемлекеттік награда иегерлері:
▪️ Валерий Анкудинов — «ССГПО» АҚ
▪️ Ануарбек Табылбаев — «ССГПО» АҚ
▪️ Булат Мукатов — ҚБРУ («Қазақстан Алюминийі» АҚ)
▪️ Қуанышбек Кұлназаров — «Варваринское» АҚ
📜 Министрлік грамотасы:
▪️ Ердин Байгенжин — «Варваринское» АҚ
▪️ Валерий Каштанов — «Комаровское» ЖШС
📄 Облыс әкімінің грамотасы:
13 маман – «Өркен», «Caspian Steel QZ», «Қашар рудасы», ҚБРУ және басқа кәсіпорындардан.
Металлургия – өңір экономикасының тірегі. Салада 15 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Алты айдағы өнім көлемі – 700 млрд ₸.
2025 — Жұмысшы кәсіптер жылы. Бүгінгі марапаттар — еңбек адамына деген әділ құрмет.