Астана күніне орай «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Елорда күні мен Ұлттық домбыра күні қарсаңында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің қорытындысы шығарылды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 15 мамырынан 15 маусымына дейін өтті.
Биылғы жылы аудандық кезеңге 5 лайықты жітіқаралық отбасы қатысты, олардың әрқайсысы берік отбасылық негіздерін, сүйіспеншілігін, өзара құрметін және белсенді өмірлік ұстанымын көрсетті.
Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудандық кезеңнің жеңімпаздары ретінде біздің ауданымыздың атынан облыстық кезеңге қатысатын Журқабаевтар мен Дуркиевтер отбасылары танылды.
Елорда күніне арналған салтанатты іс-шарада Жітіқара ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңіне қатысушыларға құрмет көрсетілді. Марапаттауды Жітіқара ауданының әкімі А. Жаныспаев жүргізді.
Жеңімпаздарға 200 000 теңге сомасына дипломдар мен сертификаттар, гүл шоқтары табыс етілді.
Кульжановтар, Ташбаевтар және Безруковтар отбасылары отбасылық құндылықтарды нығайтуға қосқан үлесі үшін және конкурсқа қатысқаны үшін алғыс белгісі ретінде Жітіқара ауданы әкімінің алғыс хаттарымен, естелік сыйлықтармен және гүл композицияларымен марапатталды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жыл сайын біздің ауданымыздың ғана емес, бүкіл еліміздің ең жарқын және мықты отбасыларын біріктіреді, олар өскелең ұрпақ пен бүкіл қоғам үшін лайықты үлгі болып табылады.
Жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау «Ұшқан ұя» - отбасы институтының имиджін арттыруға және нығайтуға, отбасылық дәстүрлерді, құндылықтарды сақтауға бағытталған іс-шаралар» жобасы бойынша «Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде аудандық бюджет қаражаты есебінен өткізілді.