Қайырлы күн, құрметті салық төлеушілер

Қайырлы күн, құрметті салық төлеушілер

Қайырлы күн құрметті салық төлеушілер Жітіқара ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы:

 

Заңсыз кәсіпкерлік қызметтің көлеңкесінен шығаруға бағытталған мобильді аударымдарға бақылау жүргізілуде.

 

* Бір жеке тұлғаның қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысы ішінде жүз және одан да көп түрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына ақша қаражатын алуы өлшем болып табылады. Бұл өлшем ҚР Қаржы министрінің 2022.03.29 nº 323 бұйрығымен бекітілген).

 

* 2025 жылдан бастап банктерден ақпарат жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайлары бойынша 2024 жылдың қорытындысы бойынша ұсынылатын болады.

 

  • Бұл шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған, өйткені көптеген кәсіпкерлер тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы алады.

 

* Бұдан басқа, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар жеке тұлғалар үшін қолданыстағы өлшемшартқа өзгерістер енгізіледі.