КАЗТЕСТ

КАЗТЕСТ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 24 қыркүйекте Жітіқара қаласында мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық КАЗТЕСТ өткізілді. КАЗТЕСТ-ке мемлекеттік, бюджеттік және қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері  қатысты. Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Сулейменова Бақыткүл Зарлыққызы тест өтуін бақылауға алды. Жалпы КАЗТЕСТ-ке 50 қызметкер қатысты.