Президенттік жастар кадр резерві
2025 жылғы 19 маусымда Жітіқара ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы В.Р. Муллабаеваның Президенттік жастар кадр резервіне қатысуды түсіндіру іс-шаралары аясында «Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ және «Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ ұжымымен кездесуі өтті.
Муллабаева В.Р. кандидаттарға қойылатын талаптарды, оның аясында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүзеге асырылатын базалық бағыттарды, іріктеу мерзімдері мен кезеңдерін түсіндірді.