
Президенттік жастар кадр резерві
2025 жылғы 9 маусымда Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы Жабулов Т.А. Президенттік жастар кадр резервіне қатысуды түсіндіру іс-шаралары аясында аудан әкімі аппаратының ұжымымен кездесу өткізді.
Жабулов Т.А. кандидаттарға қойылатын талаптарды, оның аясында іріктеу жүзеге асырылатын базалық бағыттарды, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу мерзімдері мен кезеңдерін түсіндірді.