2025 жылғы 1 маусымда Қостанай қаласында Балаларды қорғау күніне арналған жарқын әрі есте қаларлық «Күн бәріне жарқырайды» фестивалі өтті. Іс-шараны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ ұйымдастырды және денсаулықта мүмкіндігі шектеулі балаларға қуаныш пен жағымды эмоциялар сыйлауға бағытталған.
Фестиваль мейірімділіктің, шығармашылық пен бірліктің нағыз мерекесіне айналды. Оған «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің тәрбиеленушілері мен қызметкерлері белсенді ат салысып, «Алтын жүрек» ҚБ өкілдерімен бірге осы күннің қуанышын бөлісті.
«Күн бәріне жарқырайды» - бұл жай ғана фестиваль емес, бұл әр баланың шексіз мүмкіндіктеріне деген үміттің, мазаббат пен сенімнің символы. Ол әр бала өзін қажетті, құнды және сүйікті сезінетін инклюзивті қоғам құрудың маңыздылығын көрсетеді.
Балалардың жүрегін жылулық пен қуанышқа бөлеген ұмытылмас мереке жасағаны үшін фестивальдің ұйымдастырушылары мен қатысушыларына шын жүректен алғысымызды білдіреміз! «Күн бәріне жарқырасын» және әр балаға жарқын болашақ сыйласын!