Жұмыс берушілерге ақпарат

Жұмыс берушілерге ақпарат

 

Жұмыс берушілерге ақпарат

Құрметті жұмыс беруші!

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Дамудың Ұлттық жоспарында «Электронды түрде тіркелген еңбек шарттарының үлесі» деген нысаналы индикатор қарастырылғын. Мақсаты – еңбек шарттарын элетронды тіркеуді 100% орындау.

Еңбек Кодексінің 23 бабы, 2 тармағы 27 тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерімен еңбек шартын жасауға, тоқтауға және тағы басқада өзгерістермен толықтырулартуралы мәліметтерді уәкілетті еңбек жөніндегі органмен айқындалған тәртіпке еңбек шарттарының бірынғай есебі жүйесіне енгізіп отырулары міндетті болатынын ескертеміз.

Бұл талаптардың орындалуы мемлекеттік қадағалау шеңберінде мемлекеттік еңбек инспекторларымен жүзеге асырылады, егер де жұмыс берушілер өзіне тиісті міндетті орындамағаны, яғни еңбек шарттарының бірыңғай есебі жүйесіне мәліметтерді енгізбегені анықталған жағдайда, беогілі мерзімде талаптарды орындауға хабарлама беріледі.

Егер де жұмыс беруші мемлекеттік еңбек инспекторларының хабарламасын орындамаған болса, метериалдар сот органдарына әкімшілік жауапкершілікке тартуға жолданады.

Барлық туындайтын сұрақтар бойынша «Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 24548 телефоны бойынша,   «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі Комитетінің Қостанай облысы  бойынша департаменті» РММ 501180 телефоны бойынша хабарласу қажет.