Меню
Страницы

🏆 Жітіқара ауданында Спорт күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

🏆 Жітіқара ауданында Спорт күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Мереке аясында аудан спортының дамуына үлес қосып жүрген спортшыларға, жаттықтырушыларға және спорт саласының өкілдеріне құрмет көрсетілді.

Салтанатты жиында аудан әкімі А. Жаныспаев құттықтау сөз сөйлеп, барша спорт жанашырларын мерекемен құттықтады. Спортшыларға зор денсаулық, жаңа жеңістер мен биік белестер тіледі.

Іс-шара барысында аудан спортының дамуына елеулі үлес қосып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген азаматтарға марапаттар табысталды.

Қостанай облысының XXXIX жазғы спартакиадасына командаларды дайындаған жаттықтырушылардың еңбегі ерекше атап өтілді. Жітіқара спортшылары бокс, әйелдер күресі, жеңіл атлетика, қазақ күресі, баскетбол, волейбол, дзюдо және спорттың өзге де түрлерінен лайықты нәтижелер көрсетті.

Барша спортшылар мен жаттықтырушыларды спорт күнімен құттықтаймыз!

Мықты денсаулық, толағай табыс, жаңа жеңістер мен биік жетістіктер тілейміз! 🥇

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты