Меню
Страницы

Құрметті жітіқаралықтар!

Құрметті жітіқаралықтар!

Қазақстан Республикасының Астана күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бүгінде Астана – еліміздің бас қаласы ғана емес, тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің, қарыштап дамыған мемлекетіміздің символы. 28 жылдың ішінде дала төсінде бой көтеріп, заманауи саяси, экономикалық және мәдени орталыққа айналған. Мұнда әлемнің талай мемлекетттерінің серкелері бас қосып, пікір алмасып, маңызды шешімдер қабылданып жүр.

Соңғы жылдары дәл осы қасиетті шаһарда ауқымды саяси реформалар жүзеге асырылды. Жалпыхалықтық референдум қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, әділеттілік қағидаттарын,  заң үстемдігін және  мемлекеттік басқарудың ашықтығын нығайтты және азаматтардың жалпыұлттық маңызы бар мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндігі кеңейтті.   

Астана әрдайым жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің тұғырлы нышаны болып, оның толайым жетістіктері бүкіл республикамыздың одан әрі өсіп-өркендеуіне үлес қоса берсін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, баянды бақыт пен ізгілік тілеймін!  

Тәуелсіз еліміз әрдайым өркендеп, бірлігі бекем, тұрақтылығы мығым болып, бүгінгі және келер ұрпақтың игілігі жолында қарыштай берсін!      

  

                            Жітіқара ауданының

                                           әкімі                                                                   А. Жаныспаев

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері