
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және өз істеріңізге адалдықтарыңыздың арқасында аудан тұрғындары маңызды оқиғалардан, жетістіктер мен өзгерістерден әрдайым хабардар болып келеді. Сіздер ақпараттық кеңістікті дамытуға, қоғамдық диалогты нығайтуға және туған өлкенің тарихын сақтауға зор үлес қосып келесіздер.
Биылғы жыл біртума нақыштарымен толы - «Авангард» газетінің 95 жылдығы, «Житикаринские новости» газеті мен «Заман» радиосының 20 жылдығы. Бұл басылымдар ұзақ жылдар бойы аудан мен оның тұрғындарының тыныс-тіршілігін көрсетіп келеді.
Барлық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне адал еңбегі, әділдігі және мамандыққа деген беріктігі үшін алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, шабыт, шығармашылық қуат, жаңа қызықты жобалар мен кәсіби табыстар тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Жітіқара ауданының
әкімі А. Жаныспаев