
Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу шеңберінде «Патриотизм дауысы» атты акция болып өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көтеріліп, қатысушылар Әнұранды бір мезетте орындады.
Аталған акция патриотизмді, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды нығайтуға және ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталған.
Мемлекеттік рәміздер күні - тәуелсіздігімізді, елдігіміз бен егемендігімізді айшықтайтын айтулы мереке.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!