
Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміз бен егемендігіміздің айқын белгісі. Көк Туымыз, айбынды Елтаңбамыз және асқақ Әнұранымыз халқымыздың тарихын, рухани құндылықтарын және жарқын жетістіктерін айшықтайтын қасиетті нышандар. Олар барша қазақстандықтарды ортақ мақсат пен мүддеге біріктіріп, Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншілікті нығайтады.
Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу - әрбір азаматтың парызы, елге деген шынайы патриотизмнің көрінісі болып табылады.
Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, құт-береке, бейбіт өмір және толағай табыс тілеймін.
Халқымыздың ынтымағы арта берсін, Қазақстанымыз көркейіп, гүлдене берсін! Көк байрағымыз әрдайым асқақ желбіреп, еліміздің тұрақтылығы мен татулығының, жарқын да сенімді болашағының нышаны болсын!
Жітіқара ауданының
әкімі А.Жаныспаев