Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

                                                                                                                  Шешім жобасы

 

 

 

 

 

 

Шектеу іс-шараларын

белгілеу туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының     35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Жітіқара ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушы 2020 жылғы 27 қазандағы № 01-20/475 ұсынысы негізінде Жітіқара ауданының Милютин ауылы әкімінің міндетін уақытша атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:        

  1.   Ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Қостанай облысы Жітіқара ауданы Милютин ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Жітіқара аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.
  3. «Жітіқара ауданының Милютин ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

         1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

         2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім  алғашқы  ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Милютин ауылы  әкімінің

         міндетін  уақытша атқарушы                                                      К.Шнарбаев   

 

 

 

 

 

«Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» 

Милютин ауылының әкім шешіміне

түсіндірме жазба

 

 

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс

мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобасыны өзірлеуші мемлекеттік орган

«Жітіқара ауданының Милютин ауылы әкімінің аппараты»  ММ

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының        35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Жітіқара ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушы 2020 жылғы 27 қазандағы № 01-20/475 ұсынысы.

3.

 Күтілетін нәтижелердің, мерзімі  және  нақты мақсаттары

Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4.

Жоба қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/ немесе құқықтық салдарлар

Жобаның қабылдауы әлеуметтік-экономикалық және/ немесе құқықтық жағымсыз салдары.

5.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жоқ.

6.

Негізгі сұрақтар бойынша ерте қабылданған ШЕШІМДЕР туралы мәліметтер.

Жоқ.

7.

Жобалармен  басқа актілерлерді сәйкеске келтіру қажеттілігі

Жоқ.

8.

Өзге де мәліметтер

Жоқ.

 

 

        Милютин ауылы  әкімінің

        міндетін  уақытша атқарушы                                                                        К.Шнарбаев   

 

Дата публикации
28 октября 2020