2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік көрсеткіштері болжамының және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының негізінде жүзеге асырылады.
2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау 2026 жылғы маусым айына жоспарланып отыр.
2026 жылға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері:
Аудандық бюджетке жоспарланған түсімдер – 6 796 603,2 мың теңге, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 3 746 885,0 мың теңге;
Салықтық емес түсімдер – 69 261,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 112 409,0 мың теңге;
Трансферттер түсімі – 2 868 048,2 мың теңге;
Функционалдық топтар бойынша шығыстар, барлығы 7 154 705,0 мың теңге, оның ішінде:
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 724 150,8 мың теңге;
Қорғаныс – 21 776,0 мың теңге;
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі – 32 376,0 мың теңге;
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 780 883,5 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 1 697 745,2 мың теңге;
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 817 394,9 мың теңге;
Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану – 36 743,3 мың теңге;
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары – 490 825,9 мың теңге;
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі – 78 973,8 мың теңге;
Көлік және коммуникация – 844 681,0 мың теңге;
Басқалар – 44 757,0 мың теңге;
Борышқа қызмет көрсету – 99 331,0 мың теңге;
Трансферттер – 1 485 066,6 мың теңге.