Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 348 «Жітіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мәслихаттың «Жітіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 348 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 221214 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
  2. 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Жітіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

    1) кірістер – 6 796 603,2 мың теңге, оның ішінде:

    салықтық түсімдер бойынша – 3 746 885,0 мың теңге;

    салықтық емес түсімдер бойынша – 69 261,0 мың теңге;

    негізгі  капиталды  сатудан түсетін түсімдер бойынша – 112 409,0 мың теңге;

    трансферттер түсiмi бойынша – 2 868 048,2 мың теңге;

    2) шығындар – 7 154 705,0 мың теңге;

    3) таза бюджеттік кредиттеу – 617 116,6 мың теңге, оның ішінде:

    бюджеттік кредиттер –  855 678,6 мың теңге;

    бюджеттік кредиттерді өтеу – 238 562,0 мың теңге;

    4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге;

    5) бюджет тапшылығы (профициті) – -975 218,4 мың теңге;

    6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 975 218,4 мың теңге.»;

    8-тармақ мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

    «18) мүгедектігі бар адамдарға арналған гигиеналық құралдар (жөргектер).»;

    көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
18 июня 2026