Өнеркәсіп. 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында аудан кәсіпорындарында 55696,4 млн. теңге сомасына немесе 2025 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне 120,8% өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің ЖКИ 101,6% құрады.
2026 жылғы 1 маусымдағы жедел деректер бойынша 3-6 топтағы 99,4 мың тонна хризотил-асбест өндірілді, бұл өткен жылдың көлемінен 3,9%-ға кем.
Алтынды өндіру 54,0 кг-ды құрады, құрамында алтыны бар кенді өндіру 12,7%-ға ұлғаюмен 1337,8 мың тоннаны құрады. Болат құю өндірісі 0,9%-ға ұлғаюмен 196,7 тоннаны құрады.
Ауыл шаруашылығы. 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында ауыл, орман, балық шаруашылығының жалпы өнімдерінің (қызметтерінің) көлемі (ағымдағы бағамен) 1469,2 млн. теңгені, оның ішінде ауыл шаруашылығы – 1466,8 млн. теңгені, балық шаруашылығы – 2,4 млн. теңгені құрады.
Ауыл шаруашылығының ЖКИ 87,2% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар. 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,5%-ға ұлғаюмен 10617,0 млн. теңгені құрады. Инвестициялардың ЖКИ – 97,7% құрады.
Құрылыс жұмыстары. Қаңтар-мамыр айларында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың деңгейіне 48,6%-ға ұлғаюмен 2087,0 млн. тенгені құрады. Құрылыс жұмыстарының ЖКИ – 140,0% құрады.
2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында тұрғын үйлерді пайдалануға беру жүргізілген жоқ (2025 ж. қаңтар-мамыр – 513,0 ш.м.).
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2026 жылғы 1 маусымдағы статдеректер бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 226 бірлікке азаюмен 1705 бірлікті, оның ішінде заңды тұлғалар – 14 субъектіге азаюмен 226 бірлікті, жеке кәсіпкерлер – 181 субъектіге азаюмен 1309 бірлікті, шаруа қожалықтары - 31 субъектіге азаюмен 170 бірлікті құрады.
Сауда. 2026 жылғы қаңтар-мамыр айларында бөлшек сауда көлемі 11,1% өсіммен 2849,7 млн. теңгені құрады. Бөлшек сауданың ЖКИ – 101,2%.
Көтерме сауда көлемі 53,2%-ға ұлғаюмен 7110,9 млн. теңгені құрады. Көтерме сауданың ЖКИ – 140,0%.
Өмір деңгейі. 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында аудан бойынша орташа айлық жалақы 15,1% өсіммен 423 219 теңгені құрады.
Қаржы.
Өткен жылдың ұқсас кезеңіне меншікті кірістер 18,7%-ға немесе 381,6 млн. теңгеге ұлғаюмен аудандық бюджетке 2421,2 млн. теңге түсті. Салық және төлем түсімдерінің болжамы 105,6%-ға орындалды.