«Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталуы туралы
Құрметті азаматтар!
2025 жылғы 20 мамырдан 20 маусымға дейін «Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жыл сайын жүргізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады, оны жұртшылық өкілдері мен сарапшыларды тарта отырып, тікелей ұйымдардың өздері жүргізеді.
Талдау кезінде бейіндік заңнамада және ұйымдық-басқару қызметінде персоналды басқару, мемлекеттік қызметтер көрсету, қаржы-шаруашылық қызмет, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және басқа да мәселелер кіретін түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталады.
Егер сізде көрсетілген көрсетілген мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қандай да бір ұсыныстарыңыз болса, сондай-ақ осы ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы сізге мәлім мәліметтерді хаттың тақырыбында «ішкі талдау бойынша ұсыныстар» деп көрсете отырып, zhitikara.2013@yandex.kz лектрондық мекенжайына жібере аласыз.