2025 ж. 26 наурыз жергілікті қоғамдастық жиналысы

2025 ж. 26 наурыз  жергілікті қоғамдастық жиналысы

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2025 жылғы 26 наурызда Жітіқара ауданы Жітіқара қаласы әкімінің аппаратымен жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілді.

    Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:

  1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау туралы;
  2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен Жітіқара қаласы, 7 шағын аудан, 13 үй мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимараттың бір бөлігін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруді келісу туралы. Жергілікті қоғамдастық өкілін тендерлік комиссияға сайлау;
  3. Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен көше жарықтандыру желілерінің тіректеріндегі алаңның бір бөлігін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруді келісу туралы, тіректердің орналасу тізбесіне сәйкес саны 6 дана;
  4. Жітіқара қаласының Кенсай шағын ауданында су өткізу құбырларын, жол белгілерін орнату, сондай-ақ автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу кезінде тұрақ орнын жайластыру туралы.

               Жиналыс қорытындысы бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

 

  1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы болып Николай Михайлович Клочков, жиналыс хатшысы болып Нона Владимировна Зуб сайлансын;
  2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен Жітіқара қаласы, 7 шағын аудан, 13 үй мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимараттың бір бөлігі мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы келісілсін.

Тендерлік комиссияның құрамына жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі Клавдия Николаевна Андрианова сайлансын;

  1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерімен көше жарықтандыру желілерінің тіректеріндегі алаңның бір бөлігін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру, тіректердің орналасу тізбесіне сәйкес саны 6 дана келісілсін.
  2. Жітіқара қаласының әкімі су өткізу құбырларын, жол белгілерін орнатуды, сондай-ақ Жітіқара қаласының Кеңсай шағын ауданында автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу кезінде тұрақ орнын жабдықтауды ұсынсын.