Нормаларды түсіндіру монополияға қарсы заңнама

Нормаларды түсіндіру  монополияға қарсы заңнама

Нормаларды түсіндіру

монополияға қарсы заңнама

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент), Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында, ӘМАТ бағалары мен бірінші тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу жөніндегі бақылауды күшейтуге қатысты табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ режимінің қолданылу кезеңінде қажеттілік туралы  хаттамалық тапсырмасы негізінде сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ғ. Қойшыбаевтың 2024 жылғы № 21-07/1957 су басу аймақтарында жосықсыз кәсіпкерлер тарапынан ӘМАТ пен бірінші қажеттіліктегі тауарларға бағаны көтеру бойынша алыпсатарлық көріністердің жолын кесуге тапсырмасына қатысты төмендегілерді хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 160-бабына сәйкес бәсекелестікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары, соның ішінде монополияға қарсы заңнаманы ықтимал бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

Департаментпен өндірісті негізсіз шектеу мен өткізуді, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуін бағаларды белгілеуге және қолдауға, тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеуге, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған үстем жағдайды теріс пайдалануға бағытталған бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер тұрғысынан қаралуы мүмкін.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабы барлық монополиялық табысы тәркіленіп, 3% дан 5% дейінгі айналым айыппұлдары түріндегі әкімшілік жауаптылық көзделген.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына негізсіз өсуге жол бермеу және осындай фактілер бойынша монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарға тергеу жүргізуді болдырмау және монополияға қарсы ден қоюдың тиісті шараларын қабылдау мақсатында өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйкестікте жүзеге асыру қажеттігі туралы хабарлаймыз.

 

 

Басшы                                                                                       Д.Сәмен