Құрметті Жітіқаралықтар Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын!

Құрметті Жітіқаралықтар  Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын!

Құрметті Жітіқаралықтар!

Сіздерді Республика күнімен - Егеменді Қазақстанның әрбір азаматы үшін ерекше мерекемен құттықтаймын!

Бұл күні біз еліміздің бай тарихын, оның жетістіктері мен еңсерілген қиындықтарын мақтанышпен, құрметпен еске аламыз. Қазіргі Қазақстанның құрылысы-әрбір азаматтың еңбегі мен күш-жігерінің нәтижесі, әрбір ұрпақтың үлесі.

Бүгінде Қазақстан-тұрақтылықтың, бейбітшілік пен өркендеудің символы. Біз түрлі ұлттар мен олардың мәдениетін бағалай отырып, болашаққа татулықта қадам басудамыз.

Осы салтанатты күні баршаңызға денсаулық пен амандық, бақыт, жұмыста табыс тілеймін. Қазақстанды тұрақты дамыту және жетілдіру жолындағы еңбегіміз барлық бастамаларда табысты болсын!

 

Жітіқара ауданы

                  Жітіқара қаласының әкімі

                                                   М.Ордашев