Есептік кездесү 17.10.2025ж

Есептік кездесү 17.10.2025ж

2025 жылғы 17 қазанда бекітілген кестеге сәйкес қала тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындарға «Жітіқара қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстары туралы есеп ұсынды.
Кездесу соңында тұрғындар қаланы абаттандыру, жолдарды жөндеу, жайылымдық жерлер және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қойды.
Барлық сұрақтар бақылауға алынып, ұсыныстар алдағы жұмыста ескерілетін болады.