Алаяқтықтан қалай қорғануға болады: маңызды кеңестер мен ұсынымдар

Алаяқтықтан қалай қорғануға болады: маңызды кеңестер мен ұсынымдар

Алаяқтықтан қалай қорғануға болады: маңызды кеңестер мен ұсынымдар
Қазіргі күні алаяқтық күннен күнге күрделене түсуде, ал қаскүнемдер өздерінің алдау схемаларын үздіксіз жетілдіріп, оларды адамдардың күнделікті жайлары мен қажеттіліктеріне қарай бейімдеуде. WhatsApp арқылы жасалатын қоңыраулар мен хабарламалардан бастап жасанды интеллекттіні қолданатын алаяқтар құрбандарының өз мүдделеріне сай әрекет етуі үшін оларға психологиялық қысым көрсетеді.

Олардың қалай жұмыс істейтінін және айла-тәсілдерінен қалай қорғануға болатынын қарастырайық.

Алаяқтық жасамас бұрын, қаскүнемдер ықтимал жәбірленушіні мұқият зерттейді:
• мүмкіндігінше көбірек білу үшін әлеуметтік желілер арқылы достарыңыз бен жақындарыңыз туралы ақпаратты жинайды.
• құпия деректерді алады, тіпті дауыстық үлгіні жазу үшін белгісіз нөмірлерден қоңырау шалады — ал бұл үшін 30 секундтық сөйлесу жеткілікті.

Бұл қалай жұмыс істейді?
• алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының немесе банк қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, аудио немесе бейне қоңырау шалады. Олардың киімдері тиісті үлгіде болады, ал артқы жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері көрінуі мүмкін.
• қаскүнемдер жалған аты-жөндері қолтаңбалары және мөрлері көрсетілген, құрбанның қаржылық жағдайы туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар, ұйымның фирмалық логотипі қойылған жалған құжаттарды ұсына алады.
• алынған дауыс үлгісі мен жасанды интеллект технологиясын пайдалана отырып, алаяқтар ықтимал құрбанды алдау үшін таныс адамның дауысы мен сөйлеу мәнерінің шынайы көшірмесін жасайды.

Психологиялық қысым әдістері

Алаяқтар құрбандарын өз нұсқауларына сәйкес әрекет ету үшін психологиялық әсер етудің әртүрлі тәсілдерін қолданады. Олар триггерлерді (жанды жерлері) пайдаланып, құрбанда үрей, қорқыныш немесе қауіп-қатер күйін туындатады, бұл жағдайда адам дереу бағыну қажеттілігін сезінетін болады:
• олар шоттардағы күдікті әрекеттер туралы ескертеді және қаражаттың сақталуына, сондай-ақ алаяқтарды іздеуге көмектесуді ұсынады.
Алаяқтықтан құтылуға көмектесу үшін жақын адамдарыңызбен және достарыңызбен пайдалы ақпаратпен бөлісіңіз.
Қырағылық танытыңыз және алаяқтардан бір қадам алда болыңыз!