Халық санағы

Халық санағы

2021 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстанда жалпы ұлттық халық санағы басталды. Тәуелсіздік алғаннан бері халық санағы үшінші рет өткізіліп келеді.

1 қыркүйектен 15 қазанға дейін халық санағын сайтта онлайн режимде өтуге болады sanaq.gov.kz. Сайт 24 сағат бойы қол жетімді.

Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сұрақтарына жауап бере алады. Дәстүрлі кезеңнің басты жаңалығы интервьюерлердің электрондық планшеттерді пайдалануы болады.

Орташа алғанда, санақ сұрақтарына жауап беру үшін 20-25 минут қажет. Ел халқы туралы сапалы мәліметтер алу азаматтардың белсенділігі мен шынайылығына байланысты.