Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен!

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен!

Конституция-Қазақстанның тұрақтануы мен өркендеуінің негізі, әрбір қазақстандық құқығының кепілі.
Конституция егемендіктің кепілі ретінде біздің бірлігімізді нығайтты, тұрақтылық пен келісімнің өзегіне, жасампаздықтың символына және үлкен істер мен қазіргі жеңістердің қайнар көзіне айналды. Еліміздің Негізгі Заңының бастамашысы және идеялық шабыттандырушысы болған Мемлекет басшысы Конституцияда енгізген мемлекет қызметінің жалпы құндылықтары мен басты қағидаттары осының маңызды шарты болды. Бұл-қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, халықтың игілігі үшін экономикалық даму және қазақстандық патриотизм.